«Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістемесі» пәні бойынша ашық сабақ

2025 жылғы 5 желтоқсанда «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістемесі» пәні бойынша педагогика және тарих кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева БО-22-01 және БОТ-23-01 топтары студенттерімен ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі мен оқытушылары қатысып, сабақтың ұйымдастырылу барысы бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сабақ барысында студенттердің пән бойынша білімін тереңдетуге, инклюзивті білім беру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Ашық сабақ жоғары әдістемелік дайындықтың үлгісін көрсеттті.

Прокрутить вверх