Білім басқармасы өкілдерінің бітіруші курс студенттерімен кездесуі

2025 жылғы 9 желтоқсанда А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында жергілікті атқарушы орган (ЖАО) гранты бойынша білім алып жатқан бітіруші курс студенттерімен Астана қаласы Білім басқармасы өкілдері: Басқарманың мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысы Г.М. Молдағалиева мен маманы Л.Ш. Темирлинамен кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас мамандарды жұмыс орындарына бөлу тәртібі, грантты міндетті түрде өтеу шарттары туралы түсіндіру, сондай-ақ елордадағы білім беру ұйымдарында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылау болды.
Прокрутить вверх