Іс-шараның басты мақсаты — институт пен білім беру ұйымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты атап өту және болашақ мамандарды даярлаудағы бірлескен еңбектің маңызын көрсету.
ЕАГИ басшылығы барлық әлеуметтік серіктестерге ұзақ мерзімді ынтымақтастықтары, білім сапасын арттыруға қосқан үлестері және студенттерді қолдаудағы еңбектері үшін шынайы алғыс білдірді. Өзара үйлесімді әрекеттесудің нәтижесінде студенттердің жоғары практикалық дайындығына мүмкіндік беретін бұл жұмыстар ары қарай да жалғасын таба бермек.







