Институт студенттері волонтерлік іс-шараға қатысты

2025 жылғы 13 желтоқсанда А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттікпен бірлесіп ұйымдастырылған волонтерлік іс-шараға қатысты. Аталған бастама білім беру үдерісіндегі сапаны арттыруға, академиялық адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Іс-шара аясында студенттер агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, білім сапасын бағалау, мониторинг жүргізу және кері байланыс жинау үдерістеріне белсенді түрде атсалысты. Волонтерлік қызмет студенттерге теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Бұл волонтерлік іс-шара студенттердің білім сапасына деген көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, қоғам үшін маңызды бастамаларға үлес қосуына жол ашты және олардың кәсіби дамуына оң әсерін тигізді.
Прокрутить вверх