«Ғылыми жарияланым бойынша алгоритм» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар

2026 жылғы 12 қаңтарда Педагогика және тарих кафедрасында «Ғылыми жарияланым бойынша алгоритм» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты, доцент Тұрманова Жаңагүл Егембердіқызы «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ҒЖБСҚК ұсынатын ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар мен қағидалар» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторанты, аға оқытушы Хасанова Аида Жантөреқызы «Step to the World Article: Scopus және Web of Science» тақырыбында ғылыми жарияланымдарды халықаралық дерекқорларда жариялау жолдарына тоқталды.
Семинар соңында қатысушыларға жас ғалымдар мен ізденуші авторларға арналған арнайы check-list ұсынылып, тәжірибелік кеңестер берілді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх