2026 жылғы 15 қаңтарда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК-нің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара барысында студенттер аутодеструктивті мінез-құлық ұғымымен, оның негізгі түрлері, формалары мен салдарымен танысты. Сонымен қатар, психологиялық көмек алу мүмкіндіктері және емхана мамандары көрсететін қызметтер туралы ақпарат алды.
Семинар студенттердің психологиялық құзыреттілігін арттыруға, жағымсыз эмоционалдық күйлерді тану дағдыларын дамытуға және оларды жеңу жолдарын қалыптастыруға ықпал етті. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша психологтан кеңес алды.