Педагогика және тарих кафедрасы практика бойынша кіріспе конференция өткізді

2026 жылғы 16 қаңтарда педагогика және тарих кафедрасының практика бойынша кеңесшілері А.Ж. Мустақова мен Н.Ж. Болатбекова онлайн форматта практикаға бағыт беру мақсатында конференция өткізді.

Аталған іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 6В01303 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В01301 – Бастауыш білім беру (IP), 6В01205 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01202 – Мектепке дейінгі білім беру (IP), 6В01102 – Педагогика және психология, 6В01606 – Тарих білім беру бағдарламалары бойынша практика жетекшілері мен студенттер қатысты.

Конференция барысында студенттер практика базаларына бөлу туралы бұйрықпен таныстырылып, практика бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды. Сонымен қатар практиканың өту тәртібі, мақсат-міндеттері мен негізгі талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх