Іс-шараға бастауыш сыныптардың жас мамандары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысып, мәтінмен тиімді жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдерімен танысты.
Семинардың пленарлық бөлімінде А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Ә. Тойбазарова мазмұнды баяндама жасап, оқу сауаттылығын қалыптастырудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ мәтінмен жұмыстың түрлері мен 30-дан астам әдіс-тәсілдерін ұсынып, тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.