2026 жылғы 9 ақпанда ҚТ-25-01 және ҚТ-25-02 топтарының кураторлары ф.ғ.к., доцент Н.М. Кокишева мен п.ғ.к., доцент А.Б. Шормакова топ студенттерімен «Студенттердің жеке бостандығын зорлық пен сталкингтен қорғау» және «Жеке қауіпсіздік құқығы: сталкинг, психологиялық қысым және мәжбүрлі некеге құқықтық қарсы әрекет» тақырыптарында кураторлық сағаттар өткізді.
Атаулы өзекті мәселелерге қатысты әзірленген презентациялар ұсынылып, студенттер өз ойларымен бөлісті.


