2026 жылғы 9 ақпанда ПД-25-04 академиялық тобында куратор Ш.С. Нусупханның жетекшілігімен «Сталкинг құқық бұзушылықтың бір түрі» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шара барысында студенттер сталкинг ұғымын, оның құқықтық салдарын, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу және қорғану жолдарын талқылады.
Өткізілген іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын нығайтуға және жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етті.
