«Некнижные закладки» фильмі

 

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтында «Некнижные закладки» фильмі көрсетілді

Фильм көрсетілімінен кейін заң пәндері кафедрасының доценті А.С. Абельдинов студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушылықтың түрлері, қылмыстық жауапкершілік және оның салдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттермен сұрақ-жауап жүргізілді.

Студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен еркін бөлісті. Фильм өте әсерлі болып, жастарға жеке жауапкершілік пен өмірлік таңдаудың маңыздылығы туралы ой салды.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында, сондай-ақ есірткіге қарсы профилактика және алдын алу мақсатында өтті.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх