Импрессивті форматта дәріс-экскурсия

2026 жылғы 10 ақпанда педагогика және тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Ш. Аубакирова «Қазақ мәдениетінің тарихы: қалыптасуы және дамуы» пәні аясында Т-23-01 тобы студенттерімен импрессивті форматта дәріс-экскурсия өткізді.

Сабақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі базасында ұйымдастырылып, теориялық білім мен музейлік экспозицияларды ұштастыру арқылы жүргізілді. Импрессивті формат студенттердің тарихи-мәдени мұрамен тікелей танысуына, көрнекі материалдар негізінде талдау жасап, тарихи үдерістерді тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.

Экскурсия барысында қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, дәстүрлі құндылықтары мен тарихи даму ерекшеліктері кеңінен қарастырылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх