2026 жылғы 10 ақпанда «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ҚТТ-25-01 тобында топ кураторы, аға оқытушы А. Е. Саркенова «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Не книжные закладки» және «Хуликанка» қысқаметражды фильмдерін қарау және талқылау сабағын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің құқықтық мәдениетін, сыни ойлауын және фильмдердің мазмұнын талдау арқылы жеке таңдауына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру болып табылады. Сабақ барысында жазбаша жұмыс жүргізілді, құқықтық мәдениеттің негізгі ұғымдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, Құқық бұзушылықтардың салдары, сондай-ақ тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөлі белсенді және өткір талқыланды. Өмір мысалдары, шағын пікірталастар және ситуациялық тапсырмалар арқылы студенттер өз әрекеттерін талдауға, жауапкершілікті сезінуге және құқықтық салада салмақты шешімдер қабылдауға үйренді.

