2026 жылғы 12 ақпан күні Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ҚТ-25-03 тобында топ кураторы, PhD Т.Б. Кулынтаева «Зорлық-зомбылық түрлері: психологиялық және физикалық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара барысында студенттер психологиялық қысым мен физикалық зорлық-зомбылықтың түрлері, олардың жеке тұлғаға тигізетін әсері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын талқылады.
Кураторлық сағаттың қорытынды бөлімінде студенттерге өзін-өзі қорғау тәсілдері, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық мәдениетті нығайту мәселелері бойынша практикалық кеңестер ұсынылды.
