2026 жылғы 12 ақпанда Астана Халықаралық университетінің жоғары Педагогикалық колледжінде «Эмоционалдық интеллект және педагогтің кәсіби табыстылығы: балабақша мен оқу орнында қалыптастыру тетіктері» тақырыбында XІX қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған конференцияның пленарлық отырысында педагогика және тарих кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ақжарқын Бадел «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогтердің эмоционалдық интеллектін дамыту тетіктері: теория және тәжірибе» тақырыбында баяндама жасап, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің эмоционалдық интеллектін тәжірибеде қолданудың маңызын жасанды интелекті арқылы көрсетті.


