А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де Қытай Жаңа жылы аталып өтті

ШТ-24-04, ШТ-24-03, ШТТ-25-01, AI-24-02 топтарының студенттері А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты қабырғасында Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Мерекелік кеш барысында студенттер қытай тілінде ән орындап, ұлттық билер биледі. Кештің шарықтау шегі – көрермендерге ерекше әсер сыйлаған айдаһар биі болды. Сонымен қатар, шеберлік сабағы өткізіліп, қатысушылар қытай мәдениеті мен дәстүрлерімен жақынырақ танысты.

Іс-шара достық атмосферада өтіп, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырып, мәдениетаралық байланысты нығайтуға өз үлесін қосты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх