2026 жылғы 23 ақпанында Педагогика және тарих кафедрасында студенттер арасында (ППТқ-25-01, БО-25-01 топтары) вандализмнің алдын алуға бағытталған кураторлық сағаттар интерактивті форматта өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мүлікке және білім беру ортасына ұқыпты қарау жауапкершілігін арттыру. Жағдаяттық тапсырмалар мен топтық тапсырмаларды орындау арқылы студенттер нақты жағдайларды талдап, өз ойын ортаға салды.
Сонымен қатар басқа академиялық топтарда да аталған тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, вандализмнің салдары туралы мазмұнды бейнероликтер көрсетілді. Бейнематериалдар студенттердің назарын мәселенің өзектілігіне аударып, құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Аталған іс-шаралар студенттердің белсенді азаматтық позициясын нығайтуға және таза, мәдениетті қоғам құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.


