2026 жылғы 26 ақпанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған қонақ дәріс өтті.
Дәрісті BWM бизнес мектебінің жетекшісі, кәсіпкер және стартап-ментор Ақпанова Жанар Кенжебаевна оқыды.
Тақырып: «Бизнес-инкубациялық бағдарлама арқылы MVP дейін идеядан стартапты іске қосу».
Дәріс барысында студенттер өз идеяларын жылдам валидациялау әдістері, MVP-нің қарапайым прототиптерін құру жолдары және инкубациялық бағдарламалардың (Astana Hub, BWM, басқа акселераторлар) нақты мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Сұрақ-жауап бөлімінде Жанар Кенжебаевна студенттердің жеке бизнес-идеялары бойынша нақты кеңестер берді.Қонақ дәріс кәсіпкерлікке, стартап әлеміне және өз жобасын іске асыруға қызығушылық танытатын студенттер үшін өте пайдалы, мотивациялық және қолданбалы болды.


