2026 жылғы 26 ақпанда Студенттік Парламент Президентін сайлау өтіп, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Әлен Жәнібек жеңіске жетті.
Бұл сайлау — институт өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Ол студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын, көшбасшылық әлеуетін және студенттік өзін-өзі басқару мәдениетінің дамуын айқын көрсетеді. Студенттік парламент — жастардың бастамаларын жүзеге асырып, студенттер мен әкімшілік арасындағы тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алаң.




