2026 жылдың 26 ақпанында А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Жеке шекараны қалай қалыптастыру және “жоқ” деп айтуды үйрену» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК-ның профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – студенттерде жеке шекаралар туралы түсінік қалыптастыру, ассертивті мінез-құлық дағдыларын дамыту және түрлі өмірлік жағдайларда өз ұстанымын қорғай білу қабілетін жетілдіру болды.