Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнама нормалары туралы түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ортасында академиялық адалдық мәдениетін дамыту.
Тренинг барысында қатысушылар құқықтық жауапкершілік мәселелері мен оқу қызметіндегі адал мінез-құлық қағидаттарын талқылап қана қоймай, интерактивті жаттығуларға, ойын тапсырмаларына және практикалық жағдайларды талдауға қатысты. Мұндай формат студенттерге күнделікті өмірде және оқу үдерісінде заң талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарын сақтаудың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
