А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор Разумовская Вероника Адольфовнаның дәрістері басталды

2026 жылғы 17 наурыздан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында Разумовская Вероника Адольфовна – филология ғылымдарының кандидаты, Сібір федералдық университеті (РФ, Красноярск қ.) жанындағы мінез-құлық экономикасы және коммуникацияларды дамыту ғылыми-оқу зертханасының профессоры дәрістерін бастады.

Вероника Адольфовна «Қазіргі аударматанудың өзекті мәселелері» тақырыбында дәрістер курсын жүргізуде. Курс аясында аударма ғылымының дамуындағы заманауи үрдістер, мәдениетаралық коммуникация мәселелері, сондай-ақ кәсіби аудармашылық қызметтің практикалық аспектілері қарастырылады.

Дәрістердің өткізілуі ғылыми және білім беру тәжірибесімен алмасуға, білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтуге және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх