Іс-шараның мақсаты – студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы хейт, қысым көрсету және жалған ақпараттың таралуының салдарын түсіндіру.
Кездесу барысында қатысушылар өз ойларымен белсенді түрде бөлісіп, түрлі өмірлік жағдайларды талқылады, теріс ақпараттың қоғамға және жеке тұлғаға әсерін саралады.
Өткізілген іс-шара студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және құқықтық әрі коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

