2026 жылғы 19 наурызда ППТҚ-25-01 тобында «Жыл басы» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шара студенттердің ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұраға деген құрметін арттыруға бағытталды.
Кураторлық сағат барысында студенттер дәстүр мен әдет-ғұрыптардың мәнін талқылады. Сонымен қатар, үлкенге құрмет, кішіге ізет, өзара ынтымақтастық сияқты рухани-адамгершілік құндылықтарға да ерекше назар аударылды.
Студенттер наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, ыстық ықылысқа толы атмосфера орнады, бұл топтағы достық қарым-қатынасты нығайтты.
Кураторлық сағат студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға және олардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.
