2026 жылғы 19 наурыз күні «Қазак тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ҚТ-25-03 тобы кураторы Т.Б. Құлынтаеваның жетекшілігімен «Әз Наурыз» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.
Кеш барысында «тұсаукесер» рәсімі сахналанып, ұлттық дәстүрдің мәні таныстырылды. Студенттер қазақ ұлттық биін билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар «Қонақкәде» дәстүрі көрсетіліп, домбырамен дәстүрлі әндер орындалды. Бұл шара ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны дәріптеудің жарқын көрінісіне айналды.


