А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Наурызнама онкүндігі аясында ЕАГИ студенттері қарттар үйінде қайырымдылық концертін ұйымдастырды

2026 жылғы 20 наурызда Наурызнама онкүндігі аясында Астана қаласындағы «Шарапат» қарттар үйінде Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық концерт өтті.

Іс-шараны А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мен «Благо Дарю» қайырымдылық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Концерттік бағдарламада институт студенттері мен Астана қаласындағы №101 жайлы мектеп оқушыларының орындауында қазақ әндері, музыкалық шығармалар және би қойылымдары ұсынылды.

Іс-шара аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлыққа толы ілтипатпен өтті. Қарттар үйінің тұрғындарына естелік сыйлықтар табысталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх