2026-2027 оқу жылына арналған ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз!
Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін парақшадағы сілтеме арқылы өтіңіз немесе осы посттағы QR-кодты сканерлеп, өтінім формасын толтырыңыз.
Егер талаптарға сәйкес келсеңіз, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті сізбен хабарласып, өтінімді әрі қарай рәсімдеу бойынша нұсқаулық береді.
Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 15 мамыр.
