А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Таза күн» сенбілігі

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының жатақханасында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза күн» сенбілігі өтті.

Сенбілікке жатақхананың барлық студенттері белсене қатысты. Әрқайсысы өз аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, бөлмелерді, дәліздерді, асүйлерді және ортақ пайдаланылатын орындарды ретке келтірді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, шараның тәрбиелік мәні де зор болды.

«Таза Қазақстан» идеологиясы – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және ортақ кеңістікке ұқыптылықпен қарау қағидаларын насихаттайды. Осындай бастамалар жастардың экологиялық санасын арттырып, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелейді.

Мұндай іс-шаралар жатақханадағы тазалық пен жайлылықты сақтаумен қатар, студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх