А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 10 сәуірде «Жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Economic Research Institute (Қазақстан) және БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі (United Nations Kazakhstan) ұйымдастырды.

Аталған маңызды кездесуге А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтынан тәрбие жұмысы бойынша проректор А.Т. Сандыбаева қатысып, жоғары білім беру жүйесінің тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы рөлі туралы пікір алмасты.

Дөңгелек үстел аясында еліміздің 90-нан астам жоғары оқу орындарының өкілдері бас қосып, өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Интерактивті форматтағы пікірталас мазмұнды әрі қызу өтіп, қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа бастамаларға серпін алды.

Іс-шара жоғары білім беру саласындағы тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап, университеттер арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал етті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх