Іс-шара Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру депар-таменті тарапынан «Шетел тілдері және аударма ісі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедраларымен бірлесіп ұйымдастырылып, қазіргі заманғы линг-вистика, аударматану және мәдениетаралық өзара әрекеттестіктің өзекті мәсе-лелерін талқылау үшін отандық және шетелдік ғалымдарды біріктірді.
Дөңгелек үстел жұмысына Австралия, Испания, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясынан, соның ішінде Бурятия Республикасынан жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты. Шақырылған спикерлер қатарында Грана-да университеті, Сібір федералдық университеті, Доржи Банзаров атындағы Бурят мемлекеттік университеті, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік пе-дагогикалық университеті, сондай-ақ М.М. Адышев атындағы Ош технологи-ялық университетінің өкілдері болды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына ЕАГИ-дің ғылым және халықара-лық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, профессор Самат Амангельдино-вич Ескалиев қатысып, бұл іс-шараның институционалдық деңгейдегі маңы-здылығын айқындады.
Іс-шара модераторлары ретінде Халықаралық ынтымақтастық және интерна-ционалдандыру департаментінің директоры, ЕАГИ профессоры С.А. Мейра-мова және Сібір федералдық университетінің профессоры В.А. Разумовская сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысы аралас форматта — офлайн және онлайн режимде өтті, бұл қатысушылар географиясын кеңейтіп, белсенді ғылыми диалогты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Талқылау барысында мәдени трансфер мәселелері, поликультурализм ерек-шеліктері, тілдер мен мәдениеттердің өзара әрекеттестігі, сондай-ақ жаһанда-ну жағдайында аударманың мәдениетаралық коммуникацияның негізгі құра-лы ретіндегі рөлі қарастырылды. Қатысушылар аударманың тек тілдік про-цесс қана емес, сонымен қатар мәдени мағыналар мен құндылықтарды жет-кізудің маңызды құралы екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелді өткізу ғылыми білім мен тәжірибе алмасудың, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың және институттың академиялық байланыста-рын дамытудың маңызды алаңына айналды. Іс-шара ЕАГИ-дің ғылыми бел-сенділігінің жоғары деңгейін және оның халықаралық білім беру және зерт-теу кеңістігіне интеграциялануға ұмтылысын көрсетті.






