Іс-шараның ұйымдастырушылары Халықты құқықтық ағарту орталығы, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі болды.
Шараға ЕАГИ атынан Г.О. Амирханова, Д.Б. Кемельбеков, Д.Д. Качелаев қатысып, өз ойларын дәлелді жеткізе білді және сертификаттармен марапатталды. Қатысушылар үш минутта құқықтық мәдениет, мемлекеттік институттарға деген сенім, «полиция – қауымдастық» әріптестігі, цифрлық қауіпсіздік және қоғамдық келісімдегі жастардың рөлі туралы көзқарастарын білдірді. Байқау қазылар алқасына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Олжас Беркінбаев төрағалық етті. Қазылар құрамына прокуратура органдарының, ІІМ Басқару академиясының, медиа саласының өкілдері мен шешендік өнер бойынша сарапшылар кірді. Олар аргументацияның тереңдігін, логикасын, спикер ұстанымының ерекшелігін және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін бағалады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «ПОЛИЛОГ-2025» Заң мен Тәртіп құндылықтарын нығайтып, ашық та жауапты диалог мәдениетін дамытуға үлес қосатын, жастар үнін күшейтетін жыл сайынғы алаңға айналмақ.


