Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы

Кафедра әкімшілігі

Оқытушы-профессорлық құрам

Эдвайзерлер, кураторлар, топ басшылары

Мамандықтар сипаттамасы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары


Мекенжай: Астана қ., М. Жумабаев даңғылы 4, №2 ғимарат, 509 кабинет.
Тел.: 8(7172) 56-19-46

E–mail: eimd.kafedra@mail.ru

Кафедра меңгерушісі — Тажбенова Гүлжан Дальтонқызы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.

«Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының алдыңғы қатарлы кафедраларының бірі және оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедраның қызметі негізінде институттың Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігіндегі орнын көрсететін миссиясымен айқындалады.

Кафедраның білім беру процесін жоғары білікті мамандар жүзеге асырады. Олардың қатарында ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, ғылым магистрлері және аға оқытушылар бар.

Кафедра дайындықты 6В04108 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.

Мамандықтың басты міндеті нарықтық экономика жағдайларында нәтижелі жұмыс істей алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман бола алатын аса білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Оқыту сапасын арттыру және модульдік білім беру бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында кафедраға белгілі ғалымдар мен қаржы және банк саласында тәжірибесі бар мамандар шақырылады. Кафедраның ПОҚ бакалаврларды даярлау бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстармен қамтамасыз етіледі.

Оқу жүктемесін орындаумен қатар кафедра ұжымы «Әлеуметтік-экономикалық процестер: қазіргі Қазақстанның жағдайы мен даму тенденциялары» кешенді мәселесі бойынша белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, сонымен қатар оқытушылар ҚР БҒМ ККСОН ұсынған және шетел басылымдарына ғылыми мақалалар жазады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер де белсенді қатысады. Кафедра аясында «Каржыгер» бизнес-клубы жұмыс істейді. Оның отырыстарында студенттер оқытушылармен бірге Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының өзекті мәселелерін талқылайды.

Жыл сайын «Қаржы» мамандығының студенттері институт базасында өтетін «Ғылым және жаңа ұрпақ» ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарында өтетін конференцияларға белсенді қатысады.

Кафедра түлектері «Отбасы банк» ҚАҚ, «Fortebank» ҚАҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, ҚР Қаржы министрлігі, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ сияқты ұйымдарда, сондай-ақ басқа да көптеген өндірістік, қаржылық және консультациялық ұйымдарда өздерін сауатты жоғары білікті мамандар ретінде көрсете білді.