Астана қаласының жергілікті атқарушы органының грант бойынша бос орындарға конкурс жарияланады

Құрметті студенттер!

Астана қаласының жергілікті атқарушы органының гранты бойынша оқуға бос орындарға конкурс жарияланады.

Қатысу шарттары:

  1. Шарттық негізде 1-курста оқитын студенттер (жалпы орта білімнен кейін).
  2. 1-семестрдің нәтижелері бойынша қарызы жоқ студенттер.
  3. Институт бітіргеннен кейін Астана қаласында 3 жыл жұмыс істеуге дайын студенттер қатысады.

Таңдау критерийлері: жоғары GPA.

Білім беру бағдарламалары бойынша бос гранттар:

Білім беру бағдарламасы Гранттар саны
1 6В01704 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» 4
2 6В01102–«Педагогика және психология» 1
3 6В01303 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 1

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

  • А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты ректорының атына бос білім беру грантына арналған конкурсқа қатысуға білім алушының өтініші (сканерленген нұсқасы);
  • Білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі (сканерленген нұсқасы);
  • 1-семестр бойынша транскрипт (сканерленген нұсқасы).

Өтініш үлгісі

Құжаттарды Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына немесе dekan_egi@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек

Барлық сұрақтар бойынша ЕАГИ деканатына хабарласуға болады, тел.: +7 (7172) 571224, +7 (7172) 571230, +7 (7172) 562 256

Мерзімі: 2024 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмелуі керек.