А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Педагогика және тарих кафедрасы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Мекен-жайы: Астана қ., Жұмабаев даңғылы 4, 2 корпус, каб. 408

Тел.: 8 (7172) 49-95-41, 56-23-32
E-mail: bs2707@mail.ru


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) кафедра қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және мамандарды даярлау барысында олардың жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Кафедрадағы СҒЗЖ кафедра мен институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Дипломдық жобаларды әзірлеу, олар студенттердің бүкіл оқу кезеңіндегі ғылыми ізденістерінің қорытындысы болып табылады, соның ішінде «Педагог кадрларды кәсіби даярлауда ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру технологиялары» кешенді тақырыбы аясында зерттеулер жүргізіледі.
  2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсына қатысу.

Педагогикалық мамандықтар бойынша студенттермен жұмыстың басым бағыты – оларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, бұл ғылыми үйірмелер мен студенттік бірлестіктер арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламаларына сәйкес кафедра жанында келесі студенттік ғылыми және волонтерлік үйірмелер жұмыс істейді:

  1. «Асыл жүрек» студенттік волонтерлік клубы (жетекшісі: п.ғ.к., доцент Унарбекова Н.Д.);
  2. «Тұран» ғылыми үйірмесі («Тарих» ББ) (жетекшісі: т.ғ.к., доцент Аубакирова К.Ш.);
  3. «Инсайт» ғылыми үйірмесі (жетекшісі: м.п.н., аға оқытушы Хасанова А.Ж.);
  4. «Асыл қазына» студенттік клубы (жетекшісі: магистр, аға оқытушы Темирханова Қ.Ш.);
  5. «Зерек бала» студенттік ғылыми үйірмесі (жетекшісі: магистр, аға оқытушы Оқай А.).

Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандырудың негізгі түрлерінің бірі – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсына қатысу. Соңғы 5 жыл ішінде педагогика кафедрасы студенттерінің 11 ғылыми жұмысы жүлделі орындарға ие болды.

Аты-жөні

Мамандығы

Курс

Ғылыми жетекші

Базалық ЖОО

Жылы

Орын

1

Лесова Шолпан

5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

4

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нығыманова Нұрбану Төкенқызы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

2022

II

2

Әлібек Аружан

 

5В010300 – «Педагогика және психология»

3

Магистр, доцент Аязбаева Асемгуль Темирхановна,; магистр, доцент Болатбекова Назгүл Жоламанқызы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

2022

II

3

Казалиева Ансар Даулетовна

5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

4

Доцент Тобагабылова Ирысты Амзеевна

Еуразия гуманитарлық институты

2022

III

4

Кайржанова Айда

6В013 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

4

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нығыманова Нұрбану Төкенқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

2023

I

5

Ережепова Динора

6В012 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

2

Доцент Тобагабылова Ирысты Амзеевна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

2023

III

6

Султанова Сабина Талгатовна

6В01601 – «Тарих»

4

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ескалиев Самат Амангелдіұлы

У.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

2024

I

7

Билимжан Аида Билимжанкызы

6В013 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

2

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нығыманова Нұрбану Төкенқызы

А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ, Астана қ.

2024

III

8

Абдулла Нұржан

В016 – «Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау» (Тарих)

2

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ескалиев Самат Амангелдіұлы

А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ, Астана қ.

2025

III

9

Шапенова Гүлназ

6В013 – «Пәндік маманданусыз мұғалімдерді даярлау»

3

Педагогика магистрі, аға оқытушы Балтабаева Ақмарал Талғатбекқызы

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.

2025

II

10

Альшерова Сымбат

6В01101 – «Педагогика және психология»

2

Әлеуметтік ғылымдар магистрі, доцент Аязбаева Асемгуль Темирхановна

Ә.Марғұлан атындағы ППУ, Павлодар қ.

2025

III

11

Нұржанова Махаббат

6В012 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы»

2

Доцент Тобагабылова Ирысты Амзеевна

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.

2025

III

 

Есепті кезеңде «5В010200 (6В013) – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтижелер көрсетті. 2022 жылы студенттер командасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында өткен олимпиадаға қатысты. Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша білім алушылар командасы ІІ орын иеленді. Студенттерді дайындауға педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нығыманова Н.Т. ғылыми жетекшілік жасады. Аталған жетістік студенттердің теориялық дайындығының жоғары деңгейін және білім беру бағдарламасының ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуінің тиімділігін дәлелдейді.

«Алаштың жарқын жолы XXI ғасырда» жалпыұлттық конкурсына Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан жас ғалымдар, Қырғыз Республикасының зерттеушілері, сондай-ақ алыс шетелдердегі отандастарымыз (18–35 жас аралығында) қатысты. Конкурс үш кезеңнен тұрды. 2022 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласында өткен қорытынды кезеңде 6В01606 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Жылқайдарова Г. (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор, А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты С.А. Ескалиев) І орын иеленді. Жылқайдарова Г. I дәрежелі дипломмен, куәлікпен, «Алаштың жарқын жолы XXI ғасырда» лауреаты белгісімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

2022 жылғы 13 желтоқсанда ғылыми жетекшілер мен студенттер Достық үйінде өткен марапаттау рәсіміне қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Гульмамедова А. III дәрежелі дипломмен марапатталды, ал Макашева К.-ның ғылыми жұмысы «Ең үздік рәсімделген жұмыс» номинациясында жеңімпаз атанды. ЕАГИ студенттеріне қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Барлық ғылыми жұмыстар конкурс материалдары жинағына енгізілді.

2024 жылғы 26 сәуірде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Алтын Орда және оның Еуразиялық кеңістіктегі тарихи маңызы» атты республикалық студенттік конференция өтті. Конференцияға А.К. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Тағайбек Сүндет «Жошы хан және оның ұлысы» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты (ғылыми жетекшісі: гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Еслямова А.З.). Конференция қорытындысы бойынша ол III дәрежелі дипломмен марапатталып, баяндамасы 800 жылдық Жошы ұлысына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағында жарияланды (Астана, 26 сәуір 2024 ж., 145–151-бб.).

2025 жылғы 20–27 қаңтар аралығында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Альшерова Сымбат Асканбекқызы мен Төлегенова Айғаным Аманжолқызы «Психологиялық ғылымдар» бағыты бойынша «НАШ ВЫБОР — НАУКА!» V Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына онлайн қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды. Жұмыс тақырыбы: «Баланың мектепке психологиялық дайындығы туралы». Ғылыми жетекшісі: әлеуметтік ғылымдар магистрі, педагогика кафедрасының доценті Аязбаева Әсемгүл Темірханқызы. Ғылыми жұмыс «Новая наука» халықаралық ғылыми таным орталығының базасында жарияланып, eLIBRARY ғылыми электрондық кітапханасына орналастырылған.

2024 жылы доцент Турманова Ж.Е. жетекшілігімен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттері (Баешева Гүлжайна, Тукеева Жұпар, Хамраева Динора, Советова Диана, Усербекова Махаббат) «ZenTeam EAGI» командасы құрамында Астана халықаралық университеті базасында өткен «Жыл психологы» конкурсына қатысып, «Креативті топ» номинациясы бойынша сертификатқа ие болды.

4 курс студенті Курбан Нұралы (ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Еслямова А.З.) дайындаған ғылыми жұмыс 2025 жылғы 1 желтоқсанда Астана халықаралық университеті ұйымдастырған «Ел тәуелсіздігі және «Алаш» идеясы» атты конференцияда ұсынылып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.

2025 жылғы 5 желтоқсанда «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Хамитова Айым, Усербекова Махаббат, Хамраева Динора (ғылыми жетекшісі – доцент Аязбаева А.Т.) және 3 курс студенті Аманова Нұрәсем (ғылыми жетекшісі – доцент Турманова Ж.Е.) Астана халықаралық университеті ұйымдастырған «Үздік әлеуметтік-психологиялық жоба – 2025» республикалық конкурсына қатысып, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2025 жылғы 17–20 желтоқсан аралығында 6В01202 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері аға оқытушы Хасанова А.Ж. ғылыми жетекшілігімен Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға офлайн форматта қатысты.

Прокрутить вверх