Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Профессорлар-оқытушылар құрамы
Эдвайзерлер, кураторлар, старосталар
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Мекенжайы: Астана қ, Жұмабаев к. 4,басты ғимарат, 406 каб.
Тел.: 8 (7172) 56-21-27
E-mail: kafedra_krf@mail.ru
Кафедра меңгерушісі – Райнбекова Гульмира Сайлаубайевна, педагогика ғылымдарының магистрі, доцент.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 6В017 — «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті») – білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврларын даярлаушы кафедра болып табылады. Кафедра «Аударма iсi», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi», «Құқықтану», «Қаржы», «Педагогика және психология», «Тарих», «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» білім беру бағдарламаларында да жалпы білім беру, базалық, кәсіпкерлік циклдерге жататын пәндерден теориялық және практикалық курстарды жүргізеді.
6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
- ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);
- бұқаралық ақпарат құралдары, аударма саласында;
- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);
- өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде);
- әдеби кеңесші.
6В01701 – «Қазақ тiлi мен әдебиетi» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврларын даярлаудағы өзіндік дәстүрі терең қалыптасқан. Қазақ және орыс филологиясы кафедрасында жоғары кәсіби білікті мамандар қызмет етеді.
Кафедра құрамы:
ғылым докторы, профессор 1;
ғылым кандидаты, доценттер 7;
философия докторы (PhD) 3;
ғылым магистрі, аға оқытушы 9
аға оқытушы 1
Халықаралық ғылыми-педагогикалық қатынас және біліктілікті арттыру жұмыстары:
- Болу Абант Иззет Байсал университеті, (қауымдастырылған профессор, PhD Э.Капаган), Түркия, Болу;
- Токат Гази Осман Паша университеті, (PhD Е.Петек), Түркия, Токат;
- А.И. Герцен атындағы РМПУ (профессор, ф.ғ.д. С.Н. Цейтлинг) РФ;
- Чуваш мемлекеттік гуманитарлық ғылымдар институты (ф.ғ.д., профессор Н.И.Егоров);
- РФ Хакас мемлекеттік университеті (профессор, т.ғ.д., түрколог В.Я.Бутанаев);
- РФ Қазан Федералдық университеті (профессор Х.Ю. Миннегулов);
- А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты;
- Назарбаев университеті;
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ;
- Ә. Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.б.
Мақалалары Қазақстан және Түркия, Ресей, Қытай, Чехия, АҚШ, Индия, Польша, Қызрғызстан мемлекеттерінде жарияланды.
Оқу-әдістемелік жұмыс:
- Астана қаласының Ахмет Байтұрсынұлы № 48 мектеп-лицейінде және М.Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында кафедраның филиалы бар.
- мамандықтың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
- мамандықтың кітапхана қоры 100%;
- оқытудың техникалық құралдары (ғаламтор, лингафон және компьютер кабинеттері);
- қазақ және орыс тілдері зертханасы;
- практика базалары (Астана қаласындағы № 44, № 38, № 48, № 51, № 68, № 87 т.б. мектептер).
Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болады.
Студенттердің шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамыту: – «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігі («Аққу», «Жас дәурен», «Көңіл гүлі», «Тәуелсіздік толқыны» атты жыр жинақтары шықты). Республика көлемінде болып жатқан ақындар айтысында біздің студенттер де бар. Әртүрлі деңгейдегі өтіп жатқан олимпиадалар, байқаулар мен оқуларға біздің мамандықтың студенттері белсенді түрде ат салысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.