Инклюзивті білім беру – оқыту және тәрбиелеу жағдайларын денсаулығына, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, жынысына, оқыту тіліне (шетелдік студенттер) және т.б. байланысты мүмкіндіктері шектеулі студенттердің ерекше білім беру қажеттіліктеріне (бұдан әрі-ЕББҚ) сай бейімдеу, бұл олардың сәтті әлеуметтенуіне, өзін-өзі дамытуына, жеке және кәсіби өсуіне жағдай жасайды.

Инклюзивті білім беруді сүйемелдеу орталығы

Еуразия гуманитарлық институтының инклюзивті білім беруді сүйемелдеу орталығы студенттерге қиындықтарды жеңуге, өз қабілеттерін ашуға және оқу мен өмірде жетістікке жетуге көмектеседі. Орталықтың қолдауы мен көмегіне сүйене отырып, қиындықтарды еңсерген, өзгелерге үлгі болып жүрген студенттеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз.

Орталық жеке кеңес беруді, бейімделген оқыту бағдарламаларын және психологиялық қолдауды ұсынады. Біздің мақсатымыз – жанында көмектесуге дайын мамандар тобы болса, әр студенттің мүмкіндігі шексіз екенін көрсету.


 

Кедергісіз орта


Біздің институт тек оқу мен жұмыс орны ғана емес, әр адам өзін еркін әрі жайлы сезіне алатын кеңістік. Қолдау мен өз-өзіне сенімділіктің қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып,  кедергісіз әрі қолжетімді орта қалыптастырып келеміз. Көтергіштер, ыңғайлы кіреберістер, кеңістіктің дұрыс ұйымдастырылуы — мұның бәрі біздің қамқорлығымыздың бір бөлігі ғана. Ең бастысы әр адамды құрметтейтін, қолдайтын және бағалайтын ортаны қалыптастыру.

Мұнда студенттер мен оқытушылар бір нәрсені жақсы біледі: егер көмек қажет болса, оны әрдайым алуға болады. Біз әр адамның өзін қауіпсіз сезініп, ой-пікірімен еркін бөлісіп, студенттік немесе кәсіби өмірін белсенді әрі толыққанды сүргенін қалаймыз.


Прокрутить вверх