А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Тазалық – ортақ жауапкершілік!

2026 жылғы 18 сәуір күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері республикалық «Таза Қазақстан» бастамасын қолдап, Астана қаласы Алматы ауданына қарасты “Жерұйық” паркін тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.

Бұл бастама – тек сенбілік емес, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Студенттер саябақ аумағын тазалап қана қоймай, қоғамға үлгі болып, тазалық пен жауапкершіліктің мәнін көрсете білді.

Жастардың осындай игі іске атсалысуы – олардың азаматтық белсенділігінің, туған жерге деген сүйіспеншілігінің және ортақ болашаққа деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. «Таза Қазақстан» – әрқайсымыздан басталатын өмір салты!

Прокрутить вверх