Біз туралы

Басшылық

010009, Республика Казахстан,
г. Астана, район Алматы,
проспект М. Жумабаева, 4

Ныгыманова Нұрбану Төкенқызы

Ученое звание:
Профессор
Ученое звание
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Ректор

Азаматтарды қабылдау уақыты

сейсенбі 15.00-18.00; бейсенбі 15.00-18.00

Мекенжайы

Ректорат, 3 қабат

Телефон

+7 7172 561 933

Толығырақ


1999 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
«Бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бітірген.
Педагогикалық қызметін 2004 жылы Еуразия гуманитарлық институтында аға
оқытушы ретінде бастаған. 2011 жылы доцент, содан кейін профессор атағы
берілді. Н.Т. Ныгыманова жоғары мектеп, бастауыш мектеп педагогикасы,
педагогика және этнопедагогика тарихы мәселелері бойынша 60-тан астам
ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

2021 жылдан – А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
педагогика кафедрасының меңгерушісі. Н.Т. Ныгыманованың басшылығымен
білім беру бағдарламалары үнемі жетілдіріліп отырады, Түркия, Өзбекстан,
Ресей және т.б. университеттерімен халықаралық байланыстар жолға
қойылған, сондай-ақ жұмыс берушілермен байланыс нығая түсуде.

Қазіргі уақытта А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры міндетін атқарушы.

Н.Т. Ныгыманова институтты дамытудың басым бағыттарын және оның ұзақ
мерзімді стратегиясын айқындайды, білім беру мен ғылыми қызметтің жоғары
сапасын, инновацияларды енгізуді және ғылыми жобаларды қолдауды,
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және ЖОО имиджін ілгерілетуді,
ресурстарды ұтымды бөлуді, оқыту үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз
етеді.

Жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша жемісті ғылыми және
педагогикалық еңбегі үшін Н.Т. Ныгыманова Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Алғыс хатымен, ҚР жоғары оқу орындары
қауымдастығының А. Байтұрсынов медалімен марапатталды.

 

Ескалиев Самат Амангельдинович

Ученое звание:
Профессор
Ученое звание
Тарих ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

Азаматтарды қабылдау уақыты

дүйсенбі 15.00-18.00; жұма 11.00 - 14.00

Мекенжайы

Ректорат, 3 қабат

Телефон

+7 7172 561 933

Толығырақ


Есқалиев С.А. 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын
«Тарих және мемлекеттік құқық» мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы
07.00.02 – «Отандық тарих» (Қазақстан Республикасының тарихы), 07.00.09 –
«Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері» мамандануы бойынша
тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады.

Ғылыми-педагогикалық қызметін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық
институтында бастап, кейін Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, «Astana IT
University», Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында сияқты
оқу ордаларында еңбек етті. Қазіргі уақытта А.Құсайнов атындағы Еуразия
гуманитарлық институтында ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі
проректор қызметін атқарады.

Есқалиев С.А. Қазақстан тарихы, Тарихнама, Деректану, Ежелгі дүние
тарихы, Еуропа және Америка тарихы, Қазақ мәдениетінің тарихы, Орталық
Азиядағы Қытай мен Ресей, Өлкетану және басқа да пәндер бойынша дәріс
оқиды.

Ғалымның 100-ден астам ғылыми жарияланымдары Қазақстан, Ресей, Қытай,
Швеция және Түркиядағы ғылыми басылымдар мен халықаралық конференциялар
материалдарында жарық көрген. Ол 2 монографияның, 4 оқу-әдістемелік
құралдың авторы және ғылым туындысы ретінде тіркелген 4 авторлық құқық
объектісінің иегері.

Қоғамдық, ғылыми және сараптамалық қызметінде бірқатар жобаларға қатысты:

  • 2022 жылдан бастап Астана қаласы бойынша саяси қуғын-сүргін
    құрбандарын толық оңалту жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу
    комиссиясының мүшесі;
  • «Жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан
    тарихын оқыту тұжырымдамасы» жобасының үйлестірушісі әрі әзірлеушісі;
  • Қазақстан тарихы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшесі;
  • 2023–2026 жылдарға арналған педагогтердің біліктілігін арттыру
    курстары бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін республикалық сараптама
    кеңесінің мүшесі;
  • «Ұлттық құндылықтар академиясы» корреспондент-мүшесі.

Есқалиев С.А. өзінің ғылыми-әдістемелік еңбектері мен педагогикалық
қызметі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен (2006 ж.),
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
төсбелгісімен (2010 ж.), сондай-ақ бірқатар жоғары оқу орындарының
ректорларының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.


 

Загатова Сәуле Базылқызы

Ученое звание:
Профессор
Ученое звание
Филология ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Академиялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор

Азаматтарды қабылдау уақыты

сәрсенбі 15.00-18.00; жұма 11.00-14.00

Мекенжайы

Ректорат, 3 қабат

Телефон

+7 7172 561 933

Толығырақ


филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері

С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық
институтының шетел тілдері факультетін бітірген. Ғылыми мектепті М.
Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шетел тілдері институтында өтті.
Оқытушылық қызметін Ақмола университетінде аға оқытушы, доцент, аударма
кафедрасының меңгерушісі болып бастады. 1995 жылдан 2000 жылға дейін –
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің шетел тілдері
факультетінің деканы.

С.Б. Загатова роман филологиясы, лингводидактика, аударма теориясы
мен практикасы мәселелері бойынша 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың
авторы. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін А.Қ. Құсайынов атындағы
Еуразия гуманитарлық институтында жұмыс істейді: шетел тілдері
кафедрасының профессоры, декан, академиялық мәселелер және аккредиттеу
жөніндегі департаменттің директоры, академиялық жұмыс және стратегиялық
даму жөніндегі проректор.

С.Б. Загатова академиялық қызметті, білім беру бағдарламаларын
жаңғырту мен жақсартуды, институттың ұзақ мерзімді даму стратегиясын
әзірлеуді және іске асыруды үйлестіреді, білім беру бағдарламаларын
лицензиялау, ЖОО-ны институционалдық және білім беру аккредиттеу
рәсімдеріне жетекшілік етеді.

Табысты ғылыми және педагогикалық еңбегі үшін С.Б. Загатова ҚР
БҒМ-нің «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі»,
«Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті
қызметкері» төсбелгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой
медалімен, ҚР ЖОО қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы алтын
медалімен марапатталды.

Оспанов Сұлтанбек Сағымбайұлы

Ученое звание:
Профессор
Ученое звание
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
Әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор

Азаматтарды қабылдау уақыты

сәрсенбі 15.00-18.00; сенбі 11.00-14.00

Мекенжайы

Ректорат, 3 қабат

Телефон

+7 7172 562 171

Толығырақ


Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,  Қазақ білім академиясының корреспондент-мүшесі

С.С. Оспанов аспирантураны бітіргеннен кейін Ақмола университетінде
аға оқытушы, доцент, факультет деканы, проректор қызметтерін атқарды,
1995-1998 жылдары «АҚҚУ» жеке тәуелсіз институтының ректоры, 1999-2001
жылдары – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры.

2002 жылғы ақпаннан бастап – институттың әлеуметтік-экономикалық
мәселелер жөніндегі проректоры.  С.С. Оспанов институттың қаржылық және
материалдық ресурстарын басқаруға, бюджетті жоспарлау мен бақылауға,
шаруашылық қызметті қадағалауға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғауға, студенттер мен қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қолдауды
қамтамасыз етуге, студенттердің жатақханада тұруын ұйымдастыруға,
сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға және ЖОО-ның тұрмыстық мәселелерін
шешуге жауапты.

С.С. Оспанов өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінде оқу үдерісінің
тәрбиелік аспектісіне, студенттердің бойында патриотизм сезімін,
белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ерекше назар аударады. 50-ден
астам ғылыми жарияланымдары бар.

Табысты ғылыми және педагогикалық еңбегі үшін С.С. Оспанов ҚР БҒМ-ның
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.
Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін»
төсбелгілерімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, ҚР жоғары оқу орындары
қауымдастығының А.Байтұрсынов алтын медалімен және орденімен
марапатталған.

Темиргалиева Айгуль Сержановна

Ученое звание:
-
Ученое звание
-
Лауазымы:
Цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор

Азаматтарды қабылдау уақыты

дүйсенбі 15.00-17.00;
четверг 15.00-17.00

Мекенжайы

№ 2 оқу ғимараты,
1 қабат

Телефон

+7 7172 459 541

Толығырақ



Экономика ғылымдарының магистрі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің экономика факультетін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантураны бітірген. Оқытушылық қызметін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде оқытушы ретінде бастады. А.С. Темиргалиева экономикалық мәселелер бойынша 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында қашықтықтан технологиялар орталығының басшысы, цифрлық даму және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор болып жұмыс істейді.

А.С. Темиргалиева цифрлық технологияларды, инновациялық шешімдерді енгізуге және білім беру үдерісін жаңғыртуға байланысты жұмысты үйлестіреді.

Сандыбаева Айгуль Талгатовна

Ученое звание:
аға оқытушы
Ученое звание
Педагогика ғылымдарының магистрі
Лауазымы:
Тәрбие ісі жөніндегі проректор

Азаматтарды қабылдау уақыты

сейсенбі 15.00-18.00;
жұма 15.00-18.00

Мекенжайы

бас ғимарат, 2 қабат

Телефон

+7 7172 496 191

Толығырақ


Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2008 жылы филология бакалавры дәрежесін, 2011 жылы педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 2017 жылы Түкітану бағыты бойынша PhD докторантураны аяқтап, ғылыми тағылымдасын Түркиядағы, Эге университетінде өткен.

2011 жылдан бастап А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, “ЕАГИ-Білім” оқыту орталығының жетекшісі, академиялық ұтқырлық және серіктестік жөніндегі үйлестіруші, тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметтерін атқарып келеді.

Еңбек жолын 2008-2009 жж. Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінен бастаған. Кейін Павлодар қалалық мәслихаты мен Астана қаласының Балалар үйінде мемлекеттік тіл бойынша аудармашы және әдіскер қызметін атқарған. «ҚазТрансойл» және «КЕГОК» ұлттық компанияларының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курстарының оқытушысы.

Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың  қатысушысы, көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

А.Т. Сандыбаеваның ғылыми қызығушылықтары: түркітану; тіл саясаты және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі; аударматану және терминология; қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері; көптілді білім беру тәжірибесі.

Институтта студенттердің тұлғалық дамуы мен құндылықтарын қалыптастыру және әлеуметтік-тәрбие бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді, жастар саясатын жүзеге асыру және мәдени-бұқаралық пен спорттық шараларды ұйымдастырады, профилактикалық және тәрбиелік іс-шараларды қадағалайды.

 

Прокрутить вверх