А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері мен студенттерін бір арнаға тоғыстырып, жарқын әрі шынайы құрметке толы атмосферада өтті.

Шара барысында институттың дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлердің еңбегі жоғары бағаланды. Институттың 30 жылдығына орай 27 оқытушы мен қызметкер мерейтойлық медальмен, сондай-ақ алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар олардың көп жылғы еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім беру саласына қосқан үлесі үшін табысталды.

Мерекелік концерт барысында студенттер дайындаған шығармашылық нөмірлер ұсынылып, сахнада әсем әндер шырқалып, жүрекжарды құттықтаулар айтылды. Кеш көтеріңкі көңіл-күйге, қуаныш пен шабытқа толы болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Бұл мерекелік шара әйелдердің қоғамдағы, білім мен ғылым саласындағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айқындап, олардың еңбегі мен жанашырлығына деген құрметтің белгісі болды.

Прокрутить вверх