А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты


Ғылым және инновация департаменті

Ғылым және инновация департаменті 2025 жылдың қараша айында құрылды. Департаменттің негізгі мақсаты – институттың ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін үйлестіру, ғылыми әлеуетін арттыру және ғылыми жобаларды тиімді жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Департаменттің негізгі қызметтері:

  • гранттық қаржыландыру жобаларын сүйемелдеу;
  • нысаналы қаржыландыру бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • ынталы ғылыми жобаларды қолдау;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және мониторинг жүргізу;
  • ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға ықпал ету;
  • халықаралық және отандық ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
  • жас ғалымдарды қолдау және ғылыми кадрларды дамыту.

Департамент ғылыми жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, ғылыми жарияланымдарды арттыру жұмыстарын жүзеге асырады.

Департамент директоры: Дауренбекова Лаура Ноғайбекқызы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор


Прокрутить вверх