2026 жылдың 28 сәуірінде А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Мансап және дуалды оқыту орталығы ұйымдастырған Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шара студенттер мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылы үшін тиімді алаңға айналды. Жәрмеңкеге 20 стейкхолдер – мемлекеттік органдардың, коммерциялық ұйымдардың және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Жалпы саны 150-ге жуық бітіруші курс студенттері мен кәсіби мансап құруға мүдделі білім алушыларды қатысты.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өзекті бос жұмыс орындарын, тағылымдамадан өту бағдарламаларын және практикадан өту мүмкіндіктерін ұсынды. Студенттер әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге, қызықтыратын сұрақтар қоюға, сондай-ақ түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндік алды.
«Отбасы банкі» АҚ өкілдерінің айтуынша: «Біз үшін жәрмеңкеге қатысу-бұл ынталы жас мамандарды қарсы алу және оқыту кезеңінде болашақ кадрларды қарау мүмкіндігі».
Студенттер де іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті, «Бір жерде әртүрлі компаниялармен танысуға, сұрақтар қоюға және қазіргі уақытта еңбек нарығында қандай талаптар өзекті екенін түсінуге өте ыңғайлы», — деген оймен бөлісті қатысушылардың бірі.
Мұндай іс-шараларды өткізу түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға, институттың жұмыс берушілермен әріптестік байланысын нығайтуға және студенттердің тәжірибеге бағдарланған дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Мансап және дуалды оқыту орталығы студенттер мен түлектерді кәсіби іске асыру мүмкіндіктерін кеңейте отырып, оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.





