Департамент Международного Сотрудничества и Интернационализации
Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Департаменттің қызметі шетелдік және отандық білім беру ұйымдарымен серіктестік қатынастарды дамытуға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруға, шетелдік студенттер мен ғалымдарды тартуға, халықаралық жобалар мен келісімдерді сүйемелдеуге, сондай-ақ білім беру үдерісін интернационалдандыруға және институттың халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

Департаменттің мақсаты – шетелдік және отандық серіктестер желісін кеңейту, білім алушылар мен ПОҚ-тың академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен халықаралық шараларға қатысуын арттыру, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ білім беру үдерісінің интернационалдандыру деңгейін арттыру арқылы ЕАГИ-дің халықаралық қызметінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету.
