2026 жылғы 13 мамырда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының кітапхана қызметкерлері «Кітапханалық-ақпараттық қызметтегі жасанды интеллект: теориялық тәсілдер және практикалық іске асыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған E-UNI оқыту вебинарына (ұзақтығы – 72 сағат) қатысты.
Вебинар барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын кітапхана саласында қолданудың заманауи бағыттарымен танысып, ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдірудің тиімді тәсілдерін қарастырды.



