Студенттерге
Жатақхана
Жатақханаға орын беру үшін өтініш сілтеме немесе QR арқылы өту керек — https://forms.gle/zcr96aCkNxyhLP6i8
Жатақханадан орын бөлу және қоныстандыру тәртібі
- Жатақханадан орын барлық оқу кезеңі бойында, жазғы каникул кезін қоспағанда, тұру үшін бөлінеді .
- Қоныстандыру тәртібі
2.1. Жатақханаға мұқтаж студент институт деканатына мынадай құжаттарды беруге міндетті:
- белгіленген үлгідегі куратордың бұрыштамасы қойылған өтініш;
- бірінші кезекте орналасу құқығы барын растайтын құжаттар.
2.2. Студенттерді қоныстандыру туралы шешімді әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор басқаратын институт жатақханасындағы орындарды бөлу жөніндегі комиссия Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына («Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 78-тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлудің бекітілген қағидаларына) сәйкес қабылдайды.
2.3. Конкурстық комиссия жатақханада орын бөлуді осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша білім алушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
2.4. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
- үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар;
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, қандастар, сондай-ақ оқудың бірінші жылы кезінде мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы шеңберіндегі білім алушылар («Серпін – 2050»);
5) бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» белгісі бар білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазы сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжатпен (куәлік, аттестат, диплом) оқу орнын үздік бітірген талапкерлер;
6) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе ұйым өткізген тестілеу нысаны бойынша жоғары балл алған білім алушылар.
Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандары пәндер қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайын ескереді.
7) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар.
2.5. Білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі.
2.6. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.
2.7. Конкурстық комиссия білім алушының күтпеген отбасылық, материалдық және басқа жағдаяттар себептерінен тұрғын жайға мұқтаждығы туындағанда жатақханадан орын беру туралы, сондай-ақ жатақханада тұру ережелерін немесе ұйымның жарғысын сақтамағаны үшін негізделген ұсыныс бойынша жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды.
2.8. Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен:
1) бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (маусым);
2) бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға оқу жылының басында (тамыз);
3) жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді.
2.9. Бекітілген тізімдерге сәйкес, жатақхана коменданты ордер жазады, соның негізінде бір оқу жылы мерзіміне жатақханаға қоныстандыру жүргізіледі.
2.10 Жатақханадағы орынға жолдама алған студент, жатақханаға 3 күн ішінде қоныстануға немесе институт әкімшілігіне қоныстандыру мерзімін ұзартудың дәлелді себептері туралы хабарлауға міндетті. Өзге жағдайда жолдама жойылады.
Жатақханадан орын бөлу және орналастыру тәртібі «Еуразия гуманитарлық институты жатақханасындағы орындарды бөлу жөніндегі комиссия туралы ережемен» анықталады.