Академиялық ұтқырлық
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ
Академиялық ұтқырлықты Болон декларациясының негізгі қағидаттарының бірі ретінде дамыту мақсатты индикаторлардың бірі ретінде айқындалған. А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтындағы академиялық ұтқырлық төменде көрсетілген нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы (2012 жылғы 13 ақпандағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып);
- Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы);
- Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (ҚР БҒМ-нің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 198 бұйрығы);
- Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру туралы» нұсқаулық хаты (2011 жылғы 21 маусымдағы № 03-3/1047);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 «Білім алушыларды шетелде оқуға, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (2015 жылғы 31 наурыздағы өзгерістерді ескере отырып).
Білім алушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының миссиясын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орны қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады және білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, институт миссиясын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Академиялық ұтқырлықтың сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) түрлері ажыратылады:
- Сыртқы академиялық ұтқырлықбілім алушылардың шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуын, оқытушы-зерттеушілердің шетелдік білім беру немесе ғылыми-зерттеу мекемелерінде жұмыс істеуін көздейді.
- Ішкі академиялық ұтқырлықбілім алушылардың Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуын, оқытушы-зерттеушілер мен қызметкерлердің аталған жоғары оқу орындарында жұмыс істеуін көздейді.
- Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі білім алушылардың ұтқырлығы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер, алмасу және стипендиялық бағдарламалар, халықаралық бағдарламалар мен меморандумдар негізінде мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
- студенттік алмасу бағдарламалары бойынша білім алу;
- жазғы семестрлерге қатысу.
- Одан әрі академиялық ұтқырлық координаторы білім алушылардың өтініш-негіздемелерін жинауды жүзеге асырады.
- Өтініш-негіздемеде шығу мақсаты, баратын жері, оқу мерзімі, оқу курсы мен тілі, мамандығы, сондай-ақ болжамды қаржыландыру көзі көрсетіледі.
- Өтініш-негіздемеге жетекші кафедраның жазбаша ұсынымы, қабылдаушы жоғары оқу орнының білім алушыны оқуға қабылдайтыны туралы жазбаша растауы, жеке оқу жоспары және оқу транскрипті қоса беріледі.
- Серіктес жоғары оқу орындарымен жасалған келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Қазақстанда да, шетелде де белгілі бір мерзімге оқуға жіберу туралы институт басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
- Іріктеудің негізгі критерийлері: білім алушының өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтауы; «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағалары бойынша үлгерімі; шетелдік жоғары оқу орнына барған жағдайда шет тілін еркін меңгеруі (мүмкіндігінше шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың болуы).
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін білім алушыға оқу бағдарламасы, меңгерілген пәндер тізімі, кредиттер саны және әріптік әрі цифрлық форматтағы бағалары (ұлттық бағалау шкаласы және ECTS шкаласы бойынша) көрсетілген транскрипт беріледі. Транскрипт білім алушының оқу жетістіктерінің тарихын көрсетеді.
- Білім алушының транскрипті негізінде Қазақстан Республикасының кредиттерді ECTS үлгісіндегі қайта есептеу жүйесінің ауыстыру коэффициенттері бойынша кредиттерді міндетті түрде қайта есептеу жүзеге асырылады.
- Сыртқы академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті құжаттар бағдарламаның және қабылдаушы елдің талаптарына сәйкес айқындалады.
Серіктес жоғары оқу орындарынан білім алушылардың академиялық ұтқырлығы
- Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін білім алушыларды шақыру мәселесін қарауға негіз болып серіктес жоғары оқу орнының сұранысы және алмасу бағдарламасына қатысушының өтініш-негіздемесі табылады.
- Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушыларды шақыру туралы шешім жіберуші жоғары оқу орны ұсынған құжаттар негізінде институт басшысының бұйрығымен бекітіледі. Оқуға қатысты барлық құжаттар академиялық ұтқырлық бөліміне жіберіледі.
- Жоғары оқу орны білім алушылардың тұруын және болуын институтта белгіленген тәртіпке сәйкес қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
- Институтта оқуын сәтті аяқтау нәтижелері бойынша Тіркеуші офис білім алушының оқу жетістіктерінің тарихын көрсететін транскрипт береді.
Өтініш беру тәртібі және толтыруға арналған нысандар
ЕАГИ-дегі академиялық ұтқырлық Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі координатор:
Маматали Арай Бақытжанқызы.
Мекенжайы: Жұмабаев даңғылы, 4, Бас корпус, 303-кабинет.
Тел.: +7 701 533 2076;
e-mail: international.eagi.edu@inbox.ru
Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін өтініш беру тәртібі:
- Халықаралықынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне өтініш беру.
Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар:
- білімалушының өтініші;
- жекекуәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
- оқуғаарналған келісім;
- ұсынымхат;
- транскрипт;
- студенттің жеке оқу жоспары;
- медициналық анықтама (флюорография суретінің көшірмесі) немесе шетелге шығатын азаматтарға арналған медициналық анықтама;
- тілдерді меңгеру деңгейі туралы сертификат (ағылшын тілі — IELTS, TOEFL; түрік, испан, неміс және т.б. тілдер бойынша — В2 және одан жоғары деңгейдегі тіл білу туралы сертификат) болған жағдайда (шетелге шығатын білім алушылар үшін);
- ата-аналардың жазбаша келісімі.
Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі координатор студенттің ЖОЖ-ын қабылдаушы жоғары оқу орнының ЖОЖ-ына сәйкес деканатпен келіседі;
- ЖОЖ бекітілгеннен кейін өтініш пен келісімді үш данада толтыру: институт үшін, қабылдаушы жоғары оқу орны үшін және студентте қалатын бір дана;
- студенттің құжаттардың толық пакетімен және институттың тиісті бұйрығымен қабылдаушы жоғары оқу орнына келуі;
- академиялық ұтқырлық бойынша оқу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдаушы жоғары оқу орнының студентке транскрипт беруі.
ECTS үлгісіндегі Қазақстан Республикасының кредиттерді қайта есептеу жүйесі
- Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері мен нысандары бойынша) еуропалық білім беру кеңістігінде тану үшін Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу қажет.
- ECTS шеңберіндегі академиялық кредит — пәнді аудиториялық сабақтарда да, білім алушының өзіндік жұмысы барысында да меңгеруге жұмсалатын еңбек көлемін өлшеу бірлігі. Бір ECTS кредиті 25–30 академиялық сағатқа тең.
- Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне және керісінше қайта есептеу ауыстыру коэффициенттері негізінде жүзеге асырылады.
- ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредиттеріне қайта есептеу ECTS кредиттерінің санын әрбір пән бойынша 1 ECTS кредитінің көлеміне және білім беру бағдарламасының деңгейіне байланысты ауыстыру коэффициентіне бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бакалавриат үшін ауыстыру коэффициенті 1,5-тен 1,8-ге дейінгі аралықта болады. Бұл ретте кредиттер бүтін бірліктермен қалыптастырылады.
- Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу Қазақстан Республикасының кредиттерін әрбір пән бойынша 1 Қазақстан Республикасының кредитінің көлеміне және білім беру бағдарламасының деңгейіне байланысты 4-тармақта көрсетілген ауыстыру коэффициентіне көбейту арқылы жүзеге асырылады.
- Аталған ауыстыру коэффициенттері теориялық оқыту кредиттерін (аудиториялық сабақтар мен білім алушының өзіндік жұмысын қоса алғанда) қайта есептеу үшін пайдаланылады.
- ECTS бағалау шкаласы бес оң бағадан («A»-дан «E»-ге дейін), түзетілуі мүмкін «FX» бағасынан және кредит берілмейтін «F» бағасынан тұрады.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне негізделген білімді бағалау жүйесі кредиттер беруді көздейтін он оң бағадан («A»-дан «D»-ге дейін) және кредит берілмейтін бір қанағаттанарлықсыз «F» бағасынан тұрады.
Өтініш беру тәртібі және толтыруға арналған нысандар
ЕАГИ-дегі академиялық ұтқырлық Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші:
Маматали Арай Бақытжанқызы.
Мекенжайы:
Жұмабаева көшесі, 4, бас ғимарат, 403-кабинет.
Тел: +7 701 533 2076
E-mail: international.eagi.edu@inbox.ru
Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін өтініш беру тәртібі:
-
Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөліміне өтініш беру.
-
Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін келесі құжаттарды жинау:
-
білім алушының өтініші;
-
жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі;
-
оқыту туралы келісім;
-
ұсыныс хат;
-
транскрипт;
-
студенттің жеке оқу жоспары;
-
шетелге шығатындар үшін медициналық анықтама (флюорография суретінің көшірмесі) немесе медициналық анықтама;
-
тілдерді меңгеру туралы сертификат (ағылшын тілі — IELTS, TOEFL; түрік, испан, неміс және т.б. — В2 деңгейі және одан жоғары) бар болса (шетелге шығатындар үшін);
-
ата-аналардың жазбаша келісімі.
-
-
Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші студенттің жеке оқу жоспарын қабылдаушы ЖОО-ның оқу жоспарына сәйкес деканатпен келіседі.
-
Жеке оқу жоспары бекітілгеннен кейін өтініш пен келісім үш данада толтырылады:
-
институт үшін;
-
қабылдаушы ЖОО үшін;
-
студент үшін.
-
-
Студент қабылдаушы университетке толық құжаттар пакетімен және институт бойынша шығарылған бұйрықпен келеді.
-
Академиялық ұтқырлық бойынша оқу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдаушы ЖОО студентке транскрипт береді.
https://egi.edu.kz/newlogin