ЖАО ГРАНТТАРЫ
Астана қаласының әкімдігі А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында 2026 жылғы қабылдауға келесі педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырды:
№ | Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Гранттық орындар саны | Бейінді пәндер | ||
жалпы орта білім базасында | ТжКБ базасында | жалпы орта білім базасында | ТжКБ базасында | ||
1 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
20 |
10 | Биология; География | Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері; Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы |
Құжаттарды қабылдау талапкерлерден 2026 жылғы 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өткізілген ҰБТ сертификаты негізінде, белгіленген шекті деңгейден төмен емес нәтижелермен жүзеге асырылады.
Жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін шекті балл кемінде 75 балды құрайды. Бұл ретте «Қазақстан тарихы» пәні мен ҰБТ-ның екі бейінді пәні бойынша кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндері бойынша кемінде 3 балл жинау қажет.
Техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар үшін шекті балл кемінде 35 балды құрайды, оның ішінде ҰБТ—ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл болуы тиіс.
Талапкерлерге ай сайынғы шәкіртақы мен тегін жоғары білім алу және кейіннен Астана қаласында кепілдендірілген жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.
ЕАГИ РЕКТОРЫ ГРАНТТАРЫ
ЕАГИ РЕКТОРЫНЫҢ ГРАНТЫ – 2026
ЕАГИ-де 100%-ға дейінгі жеңілдікпен білім алғың келе ме? Онда 6 ректор грантының бірін жеңіп алуға мүмкіндігің бар!
📌 КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
Байқауға ЕАГИ-ге ақылы оқуға құжаттарын тапсырған барлық талапкерлер қатыса алады.
❗️Басты талап – таңдаған білім беру бағдарламасына оқуға түсу үшін қажетті шекті балл жинаған ҰБТ сертификатының болуы.
🌐 ТЕСТІЛЕУ ТІЛІ
Тестілеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Әр талапкер өзіне ыңғайлы тестілеу тілін таңдай алады.
📲 ҚАЛАЙ ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ?
Ректор гранты байқауына қатысу үшін 2 міндетті қадамды орындау қажет:
1️ Тиісті QR-кодты сканерлеп, Google формасын толтыру және байқауға тіркелу.

2️ Екінші QR-код арқылы қатысушылардың WhatsApp чатына міндетті түрде қосылу.

❗️Маңызды: байқауға қатысты барлық ақпарат, І тур тестілеуіне сілтеме, ІІ турдың Zoom-конференциясына сілтеме және басқа да қажетті сілтемелер WhatsApp чатында жарияланады.
📌 БАЙҚАУ ЕКІ ТУРДАН ТҰРАДЫ
🔹 І ТУР – 21 тамыз, сағат 10:00-ден бастап
Онлайн-тестілеуге қолжетімділік күні бойы ашық болады.
Бірінші тур аяқталғаннан кейін барлық қатысушылардың нәтижелері жинаған балдары бойынша ең жоғары балдан ең төмен балға дейін бірыңғай рейтингке орналастырылады.
ІІ турға ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылардың 50%-ы өтеді.
Яғни жалпы рейтингтің жоғарғы 50%-ына кірген талапкерлер байқаудың екінші кезеңіне жолдама алады.
🔹 ІІ ТУР – 24 тамыз, сағат 12:00
Екінші тур Zoom-конференция форматында өтеді.
❗️Қатысушылар белгіленген уақытта міндетті түрде онлайн болып, Zoom-конференцияға қосылуы қажет.
Конференция барысында қатысушылар қайта тестілеуден өтеді. ІІ турдың нәтижесі бойынша 6 жеңімпаз анықталады.
🏆 ЕАГИ РЕКТОРЫНЫҢ ГРАНТТАРЫ:
🥇 1 грант – оқу ақысына 100% жеңілдік
🥈 2 грант – оқу ақысына 50% жеңілдік
🥉 3 грант – оқу ақысына 25% жеңілдік
🎓 Барлығы – 6 ректор гранты!
Егер сен ЕАГИ-ге ақылы оқуға құжаттарыңды тапсырып, ҰБТ-дан қажетті шекті балл жинаған болсаң – тіркеліп, ректор грантын жеңіп алу мүмкіндігін жіберіп алма!
ЕАГИ ректорының грантын беру конкурсын өткізу тәртібінің негізгі ережелері
EAГИ-ДЕГІ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Жетім балаларға — оқу ақысына 20% жеңілдік;
- 1 және 2 топтағы мүгедектергежәне бала кезінен мүгедектерге— оқу ақысына 10% жеңілдік;
- Бір отбасынан екі немесе одан да көп студенттероқыған кезде — олардың біреуінің оқу ақысына 10% жеңілдік;
- ЕАГИ жоғары колледжінің түлектеріне— барлық оқу мерзіміне оқу ақысына 5% жеңілдік;
- Әрбір талапкер ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты және жеке іс материалдары (тек күндізгі оқу нысаны бойынша) негізінде ректордың білім беру грантынтағайындау конкурсына қатыса алады;
- Оқу ақысын төлеудің икемді жүйесіқарастырылған, төлемді: ай сайын, тоқсан сайын бөліп-бөліп және т.б. төлеуге болады.
Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша институттың қабылдау комиссиясына хабарласуға болады:
+7 (7172) 56-22-00, +7-771—691—90—43
+7-701-666-72-72, +7-701-776-31-02
e-mail: eagi_pk@egi.edu.kz