А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Студенттерге

Психологическая Служба

Адрес: 010009, Республика Казахстан,
город Астана, район Алматы, проспект М. Жумабаева, 4
Тел.: +7 (7172) 56-19-33; 8-775-357-08-47.


Психологиялық қолдау QR-алаңы:
https://forms.gle/b4Za1nS1Br5tgM49A

«Маған осы жерден жаз (анонимді)»

«Сұрақ қою үшін кодты сканерле»

«Жаныңды мазалаған сұрақ болса, QR-код арқылы бөліс»

 

Институттың психологиялық қызметінің қызметі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • діни-саяси экстремизм мен терроризмнің психологиялық табиғаты;
  • жетім балаларды, дамуында бұзылыстары бар балалар мен ересектерді психологиялық сүйемелдеудің өзекті мәселелері.

 

Сенің ішкі әлемің — Менің назарымда

 

Сәлем, жас дос! Студенттік кез — тұлға болып қалыптасудың алтын көпірі. Студенттік шақ — бұл сенің өміріңнің ең жалынды әрі қайталанбас қызықты әрі еліктіретін тарауы. Бұл уақыт тек білім алу үшін емес, өзіңді табу, сезімдерге ерік беру, өз махабатыңды кездестіру, болашақ жар таңдау, кәсіби мансап, биіктерге ұмтылу және армандарыңның іргетасын қалау үшін берілген. Студенттік шақ — тек қызыққа толы кезең емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік, ізденіс және кейде түсініксіз уайымдармен күрес кезеңі. Студенттік шақ — бұл ересек өмірдің табалдырығында тұрған, бірақ әлі де бағыт-бағдар мен эмоционалды қауіпсіздікті қажет ететін кезең. Сенің ішкі әлеміңдегі мазасыздықтар мен ізденістер — бұл өсудің белгісі. Кейде қиындықтар туып тұратыны да рас. Осы бір албырт та, айбынды кезеңде қиындықтар кездессе жалғыз емес екеніңді ұмытпа.

 

Қандай мәселелермен маған келуге болады?

Студенттік өмірдің кез-келген «тұйыққа тірелген» сәттерінде:

Оқудағы стресс: Емтихан алдындағы қорқыныш, қобалжулар және мотивацияның жоғалуы. Танымдық ізденістер мен адасулар сезілсе;

Өзіңді іздеу: «Мен кіммін?», «Болашағым не болмақ?» деген сұрақтар мазаласа;

Қарым-қатынас: Достармен, группаластарыңмен, педагогтармен, ата-анаңмен немесе туыстарыңмен түсініспеушілік болса;

Махаббат мәселесі: ғашық болудың машақаты, «жауапсыз махаббат» сезімі, әлеуметтік фрустрация болса;

Эмоционалды күй: Жалғыздық, мазасыздық, өзіңе деген сенімсіздік немесе депрессивті көңіл-күйде жүрсең

Мен осындамын

«Сені ешкім кінәламайды, мұнда сені тыңдайды және түсінеді»

  1. Құпиялылық:Біздің әңгімеміз тек кабинеттің ішінде қалады.
  2. Қабылдау:Мен сені қандай болсаң, солай қабылдаймын.
  3. Кәсібилік:Менің тәжірибеме сенім арт, заманауи әдістерді ұштастыра отырып, шешімді бірге табамыз.

Менің мақсатым — сенің бойыңдағы ішкі күшіңді табуға көмектесу және қиын сәттерде сенімді тірек болу. Егер сен өзіңді жоғалтып алғандай сезінсең немесе жай ғана біреумен сырласқың келсе, мен осындамын.

 

Есіңде болсын:

Көмек сұрау — әлсіздік емес, бұл — өз өміріңе деген жауапкершілік!


Руководитель психологической Службы ЕАГИ – магистр педагогических наук, психолог Мусиев Абылайхан Боранбаевич
Турманова Жанагул Егембердиевна Психолог, 25 жылдан астам тәжірибесі бар маман Әлеуметтік ғылымдар магистрі Психология ББ PhD –докторант

Галерея

Прокрутить вверх