Педагогикалық практика барысы

ШТ-23-03 тобының студенттері 19 қаңтарданбастап Астана қаласы №32 мектеп-гимназиясындапедагогикалық практикадан өтуде. Практика барысында студенттер бекітілген сыныптарда пәнмұғалімдерінің және өзге де практиканттардыңсабақтарына қатысады.
Студенттер теориялық және практикалықматериалды тиімді меңгеру, тақырыпты нақты әрітүсінікті жеткізу, оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін арттыру, көрнекі жәнедидактикалық материалдарды пайдалану, жұптықжәне топтық жұмыстарды ұйымдастыружолдарына ерекше назар аударады.
Оқыту барысында интерактивтіпрезентациялар, бейнероликтер, үлестірмеліматериалдар, интерактивті тақта және түрлі білімберу платформалары қолданылады. Сабақтардамотивациялық және дамытушы әдістер кеңіненпайдаланылады, соның ішінде dodecahedron, flashlight, spider’s net, sandwich, umbrella, four hats, speaking phone, verbal support, the ladder, vocabularybuilder әдістері бар. Бұдан бөлек, сөйлеужаттығулары, миға шабуыл және кері байланысұйымдастырылады.
Студенттер мұғалімнің күнделікті қызметінебелсенді қатысып, дәптер тексеру, үлгерімі төменоқушылармен жұмыс жүргізу, формативті жәнежиынтық бағалау, электронды журнал толтырусияқты жұмыстарды орындайды. Әр сабақтан кейінталдау жасалып, кері байланыс беріледі.
Практика барысында студенттер өздерініңтеориялық білімдерін бекітіп, сабақ өткізу, сондай-ақ оқушылармен кәсіби қарым-қатынас жасаудағдыларын дамытады.
Практика жетекшісі: аға оқытушыА.М.Сарсенова

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх