А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты


ЕАГИ-ДЕГІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН КІРІС ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ (ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША)

 

А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтындағы (ЕАГИ) кіріс ішкі академиялық ұтқырлық Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының білім алушыларына ЕАГИ-де бір семестр немесе бір академиялық жыл көлемінде білім алуға мүмкіндік береді. Оқу аяқталғаннан кейін меңгерілген кредиттер мен алынған бағалар білім алушының жіберуші жоғары оқу орнында қайта есептеледі.

 

Білім алушылардың қатысу шарттары

Академиялық ұтқырлық кезеңінде білім алушы оқу кезеңіне белгіленген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 50%-ын ЕАГИ базасында меңгеруі тиіс.

 

Негізгі шарттар:

  • оқу ұзақтығы — 1 семестр немесе 1 академиялық жыл;
  • оқу ұқсас немесе сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады;
  • меңгерілген пәндер мен алынған бағалар жіберуші жоғары оқу орнында қайта есептеледі;
  • жіберуші және қабылдаушы жоғары оқу орындары арасындағы келісім негізінде оқу ақысыз жүзеге асырылады;
  • ЕАГИ жатақханасынан орын берілмейді;
  • 1 курс 1 семестрінің және 4 курс бітіруші семестрінің білім алушылары бағдарламаға қабылданбайды.

 

ЕАГИ-ДЕГІ КІРІС ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ (ПОҚ ҮШІН)

 

Кіріс ішкі академиялық ұтқырлық аясында Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) шақырылған оқытушы ретінде қатыса алады.

 

ПОҚ үшін ЕАГИ-дің білім беру бағдарламалары бойынша қонақ дәрістер мен оқу сабақтарын өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Пәндердің тақырыптары мен сабақтардың мазмұны қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындарының тиісті кафедралары арасында алдын ала келісіледі.

 

Қонақ дәрістер мен сабақтарды өткізу кәсіби тәжірибе алмасуға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және академиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.

 

ПОҚ-тың бағдарламаға қатысу ұзақтығы 2 аптадан 1 семестрге дейін болуы мүмкін.

 

Қатысу тәртібі

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу шарттары және қажетті құжаттарды рәсімдеу туралы толық ақпарат алу үшін өз жоғары оқу орныңыздың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне жүгінуіңізге немесе бізбен байланысуыңызға болады.

 

ЕАГИ-ДЕГІ КІРІС СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ (ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН)

 

А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтындағы (ЕАГИ) кіріс сыртқы академиялық ұтқырлық шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушыларына ЕАГИ-де бір семестр немесе бір академиялық жыл көлемінде білім алуға мүмкіндік береді. Оқу нәтижелері бойынша кредиттер беріледі, ал меңгерілген пәндер мен алынған бағалар білім алушының жіберуші жоғары оқу орнында қайта есептеледі.

 

Білім алушылардың қатысу шарттары

Академиялық ұтқырлық кезеңінде білім алушы оқу кезеңіне белгіленген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 50%-ын ЕАГИ базасында меңгеруі тиіс.

 

Негізгі шарттар:

  • оқу ұзақтығы — 1 семестр немесе 1 академиялық жыл;
  • оқу ұқсас немесе сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады;
  • меңгерілген пәндер мен алынған бағалар жіберуші жоғары оқу орнында қайта есептеледі;
  • жіберуші және қабылдаушы жоғары оқу орындары арасындағы келісім негізінде ұқсас білім беру бағдарламасы бойынша оқу ақысыз жүзеге асырылады;
  • жатақханадан орын тараптар арасындағы келісімге сәйкес ақысыз немесе ақылы негізде беріледі;
  • жатақханада ақылы негізде тұру құны — айына 35 000 теңге;
  • 1 курс 1 семестрінің және 4 курс бітіруші семестрінің білім алушылары бағдарламаға қабылданбайды.

 

Қатысудың қаржылық шарттары тараптардың келісімі бойынша айқындалады және жасалған келісімде көзделген талаптарға сәйкес білім алушылардың академиялық ұтқырлығына байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтуы мүмкін.

 

ЕАГИ-ДЕГІ КІРІС СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ (ПОҚ ҮШІН)

 

А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институты (ЕАГИ) шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін институттың білім беру, ғылыми және академиялық қызметіне қатысуға шақырады.

 

ПОҚ академиялық ұтқырлығы күндізгі (офлайн) және қашықтан (онлайн) форматтарда жүзеге асырылуы мүмкін. Қатысу мазмұны, ұзақтығы, форматы және қаржыландыру шарттары жасалған келісімдер мен академиялық ұтқырлықтың жеке бағдарламасына сәйкес тараптар арасында айқындалып, келісіледі.

 

Қатысудың негізгі нысандары

  • Бағдарлама аясында оқытушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
  • ЕАГИ білім беру бағдарламалары бойынша қонақ дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу;
  • жекелеген пәндер немесе оқу курстарын жүргізу;
  • семинарлар, шеберлік сабақтары және практикалық бағыттағы сабақтар өткізу;
  • ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға және басқа да академиялық іс-шараларға қатысу;
  • бірлескен ғылыми және білім беру іс-шараларын өткізу;
  • ЕАГИ ППС-мен педагогикалық және ғылыми тәжірибе алмасу;
  • бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысу.

 

Пәндердің тақырыптары, мазмұны, оқу жүктемесінің көлемі және қатысу ұзақтығы ЕАГИ мен шетелдік жоғары оқу орнының тиісті кафедралары және құрылымдық бөлімшелері арасында алдын ала келісіледі.

 

Қатысу ұзақтығы және қаржыландыру

ПОҚ академиялық ұтқырлығының ұзақтығы 2 аптадан 1 семестрге дейін болуы мүмкін.

 

Қатысудың қаржылық шарттары тараптардың келісімі бойынша айқындалады және жасалған келісім мен бекітілген болу бағдарламасына сәйкес академиялық ұтқырлыққа байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтуы мүмкін.

 

Тараптардың келісіміне сәйкес қатысу оқытушылардың өзара алмасуы негізінде, қабылдаушы немесе жіберуші тараптың қаражаты есебінен немесе өзге де келісілген шарттар негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

 

ЖЕЛІЛІК УНИВЕРСИТЕТ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

ЕАГИ шетелдік жоғары оқу орындарына желілік университет форматы аясында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін ұсынады.

 

Осы формат шеңберінде екі және/немесе одан да көп жоғары оқу орны белгіленген кредиттік оқу жүктемесіне сәйкес ағылшын тілінде 1–2 пәнді өзара оқыта алады.

 

Оқыту онлайн немесе офлайн форматта және өзара академиялық алмасу шеңберінде ақысыз негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Онлайн форматта қаржыландыру, техникалық қамтамасыз ету және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

 

Бұл ынтымақтастық форматы:

  • екі және/немесе одан да көп жоғары оқу орындарының ППС-ін білім беру процесіне өзара тартуға;
  • білім алушылардың шетелдік оқытушылар жүргізетін пәндерге қолжетімділігін кеңейтуге;
  • ағылшын тіліндегі пәндер мен халықаралық білім беру тәжірибелерін енгізуге;
  • бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық модульдерді дамытуға;
  • жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға;
  • оқытушылар мен білім алушылардың ұзақ мерзімді физикалық орын ауыстыру қажеттілігінсіз академиялық ұтқырлықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

Академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін талқылау, қатысу бағдарламасы мен қаржыландыру шарттарын келісу үшін ЕАГИ-дің Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне жүгіну қажет.

 

Желілік университет аясындағы ынтымақтастық мәселелері де ЕАГИ мен шетелдік жоғары оқу орны арасында жасалған келісім негізінде қарастырылады.

 

Ынтымақтастық мәселелері бойынша байланыс:

Email: international.eagi.edu@inbox.ru 

Телефон: +7 701 533 2076

📍 ЕАГИ-дің ескі ғимараты, 303-кабинет.

Отзывы

Прокрутить вверх