А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты


ЕАГИ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН ШЫҒЫС ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ (ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША)

А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының (ЕАГИ) білім алушыларына арналған шығыс ішкі академиялық ұтқырлық Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарында бір семестр немесе бір академиялық жыл көлемінде білім алуға мүмкіндік береді. Оқу нәтижелері бойынша меңгерілген кредиттер мен алынған бағалар ЕАГИ-де белгіленген тәртіппен қайта есептеледі.

Білім алушылардың қатысу шарттары

Академиялық ұтқырлық кезеңінде білім алушы қабылдаушы жоғары оқу орнында академиялық ұтқырлықтың жеке бағдарламасына және келісілген оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін меңгереді.

Негізгі шарттар:

  • оқу ұзақтығы — 1 семестр немесе 1 академиялық жыл;
  • оқу қабылдаушы жоғары оқу орнында ұқсас немесе сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады;
  • пәндер тізімі мен кредиттер саны ЕАГИ мен қабылдаушы жоғары оқу орны арасында алдын ала келісіледі;
  • меңгерілген пәндер, кредиттер және алынған бағалар ЕАГИ-де белгіленген тәртіппен қайта есептеледі;
  • оқу ЕАГИ мен қабылдаушы жоғары оқу орны арасындағы келісімге сәйкес ақысыз немесе тараптардың өзге де келісілген шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін;
  • тұру, жол жүру және басқа да шығындарға қатысты мәселелер академиялық ұтқырлық бағдарламасының талаптары мен тараптар арасындағы келісімге сәйкес айқындалады;
  • 1 курс 1 семестрінің және 4 курс бітіруші семестрінің білім алушылары, әдетте, бағдарламаға қатыстырылмайды.

Қатысудың қаржылық шарттары нақты бағдарламаға, қабылдаушы жоғары оқу орнының талаптарына және тараптар арасында жасалған келісімге байланысты айқындалады. Оқуға, тұруға, жол жүруге және басқа да шығындарға байланысты шығыстар ЕАГИ, қабылдаушы жоғары оқу орны, білім алушының өзі немесе гранттық және басқа да қаржыландыру көздері есебінен өтелуі мүмкін.

ЕАГИ ПОҚ ҮШІН ШЫҒЫС ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ (ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША)

Кірме ішкі академиялық ұтқырлық аясында ЕАГИ-дің профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарының білім беру, ғылыми және академиялық қызметіне қатыса алады.

ЕАГИ ПОҚ-ы шақырылған оқытушылар, лекторлар және сарапшылар ретінде бағдарламаға қатыса алады.

Қатысудың негізгі нысандары

ПОҚ үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылған:

  • қонақ дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу;
  • жекелеген пәндер немесе оқу курстарын жүргізу;
  • семинарлар, шеберлік сабақтары және практикалық бағыттағы сабақтар өткізу;
  • ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға және басқа да академиялық іс-шараларға қатысу;
  • бірлескен ғылыми және білім беру іс-шараларын өткізу;
  • қабылдаушы жоғары оқу орнының ПОҚ-пен педагогикалық және ғылыми тәжірибе алмасу;
  • бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысу;
  • қабылдаушы университеттің оқытушылары мен зерттеушілерімен кәсіби және академиялық байланыстар орнату.

Пәндердің тақырыптары, мазмұны, оқу жүктемесінің көлемі, форматы және қатысу ұзақтығы ЕАГИ мен қабылдаушы жоғары оқу орны арасында алдын ала келісіледі.

ПОҚ-тың бағдарламаға қатысу ұзақтығы 2 аптадан 1 семестрге дейін болуы мүмкін.

Форматы және қаржыландыру

ПОҚ академиялық ұтқырлығы күндізгі (офлайн) және қашықтан (онлайн) форматтарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Қатысудың қаржылық шарттары тараптардың келісімі және жасалған келісімдер негізінде айқындалады. Нақты бағдарламаға байланысты қаржыландыру қабылдаушы немесе жіберуші тараптың қаражаты есебінен, оқытушылардың өзара алмасуы негізінде, гранттық қаражат есебінен немесе тараптардың өзге де келісілген шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

ЕАГИ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН ШЫҒЫС СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Шығыс сыртқы академиялық ұтқырлық ЕАГИ білім алушыларына шетелдік университеттер мен білім беру ұйымдарында бір семестр немесе бір академиялық жыл көлемінде білім алуға мүмкіндік береді.

Халықаралық академиялық ұтқырлыққа қатысу білім алушыларға шетелдік академиялық ортада білім алу тәжірибесін жинақтауға, кәсіби және тілдік құзыреттерін дамытуға, халықаралық білім беру тәжірибелерімен танысуға, сондай-ақ шетелдік студенттер мен оқытушылармен кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға арналған негізгі мүмкіндіктер

  • шетелдік университетте ұқсас немесе сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша білім алу;
  • оқу нәтижелері бойынша академиялық кредиттерді алу және қайта есептеу;
  • жекелеген пәндер мен академиялық модульдерді шет тілінде оқу;
  • шет тілдерін меңгеру деңгейін жетілдіру;
  • халықаралық білім беру және мәдени іс-шараларға қатысу;
  • кәсіби және мәдениетаралық құзыреттерді дамыту;
  • халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту;
  • халықаралық білім беру ортасында оқу тәжірибесін жинақтау.

Пәндер тізімі, кредиттер саны, оқу мерзімі және кредиттерді қайта есептеу шарттары ЕАГИ мен қабылдаушы шетелдік университет арасында алдын ала келісіледі.

Қаржыландыру

Қатысудың қаржылық шарттары нақты академиялық ұтқырлық бағдарламасына және ЕАГИ мен қабылдаушы университет арасындағы келісімге байланысты айқындалады.

Қаржыландыру:

  • білім алушының жеке қаражаты есебінен;
  • гранттар, стипендиялық бағдарламалар және басқа да қаржыландыру көздері есебінен;
  • тараптардың келісімі бойынша аралас қаржыландыру негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Оқу ақысы, тұру, жол жүру, медициналық сақтандыру, виза рәсімдеу және басқа да шығындарды төлеу мәселелері нақты бағдарламаның талаптары мен тараптар арасындағы келісімге сәйкес айқындалады.

ЕАГИ ПОҚ ҮШІН ШЫҒЫС СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ЕАГИ профессор-оқытушылар құрамына халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, кәсіби және ғылыми тағылымдамаларға, шақырылған дәрістерге және шетелдік университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарымен академиялық ынтымақтастықтың басқа да нысандарына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

ПОҚ академиялық ұтқырлығы күндізгі (офлайн) және қашықтан (онлайн) форматтарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Қатысудың негізгі нысандары

Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында ЕАГИ ПОҚ-ы:

  • шетелдік университеттерде қонақ дәрістер мен сабақтар өткізе алады;
  • жекелеген пәндер немесе оқу курстарын жүргізе алады;
  • семинарлар, шеберлік сабақтары және практикалық сабақтар өткізе алады;
  • халықаралық ғылыми конференцияларға, форумдарға және дөңгелек үстелдерге қатыса алады;
  • қысқа мерзімді ғылыми және кәсіби тағылымдамалардан өте алады;
  • бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары бойынша жұмыс істей алады;
  • шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізе алады;
  • бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындауға қатыса алады;
  • бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық модульдерді әзірлей алады;
  • шетелдік әріптестерімен педагогикалық және ғылыми тәжірибе алмаса алады;
  • халықаралық кәсіби және академиялық байланыстар орната алады.

Қатысу ұзақтығы нақты бағдарламаның талаптарына сәйкес айқындалады және бірнеше күннен немесе аптадан бастап бір семестрге және одан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін.

Шығыс академиялық ұтқырлығын қаржыландыру

Қатысудың қаржылық шарттары нақты бағдарламаға, қабылдаушы ұйымға және жасалған келісімнің талаптарына байланысты айқындалады.

Қаржыландыру:

  • қабылдаушы тараптың қаражаты есебінен;
  • гранттық және стипендиялық бағдарламалар есебінен;
  • халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаражаты есебінен;
  • оқытушылардың өзара алмасуы негізінде;
  • қатысушының жеке қаражаты есебінен;
  • тараптардың келісімі бойынша аралас қаржыландыру негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бағдарламаның талаптарына байланысты қаржыландыру жол жүру, тұру, тамақтану, сақтандыру, визалық сүйемелдеу және академиялық ұтқырлыққа байланысты басқа да шығындарды қамтуы мүмкін.

ЖЕЛІЛІК УНИВЕРСИТЕТ ФОРМАТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

ЕАГИ шетелдік және қазақстандық университеттерге желілік университет форматы аясында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін ұсынады.

Осы формат шеңберінде екі және/немесе одан да көп университет білім беру бағдарламаларында белгіленген кредиттік оқу жүктемесіне сәйкес ағылшын тілінде 1–2 пәнді өзара оқыта алады.

Оқыту онлайн немесе офлайн форматта жүзеге асырылуы мүмкін. Өзара академиялық алмасу шеңберінде оқыту ақысыз негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

Онлайн форматта қаржыландыру, техникалық қамтамасыз ету, сабақтардың ұзақтығы және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

Бұл формат:

  • ЕАГИ мен серіктес университеттердің ПОҚ-ынбілім беру процесіне өзара тартуға;
  • білім алушыларға шетелдік және қазақстандық оқытушылар жүргізетін пәндерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
  • ағылшын тіліндегі пәндер мен халықаралық білім беру тәжірибелерін енгізуге;
  • бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық модульдерді дамытуға;
  • халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
  • оқытушылар мен білім алушылардың ұзақ мерзімді физикалық орын ауыстыруын қажет етпей академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтуге;
  • ЕАГИ мен серіктес университеттер арасында тұрақты академиялық байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

Шығыс академиялық ұтқырлығы бағдарламасына қатысу үшін ЕАГИ білім алушылары мен ПОҚ ЕАГИ-дің Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне жүгінуі қажет.

Департамент қолжетімді бағдарламалар, қатысу талаптары, құжаттарды тапсыру мерзімдері, қаржыландыру шарттары және қабылдаушы университеттер туралы ақпарат береді, сондай-ақ құжаттарды дайындау барысында консультациялық қолдау көрсетеді.

Желілік университетке, бірлескен білім беру жобаларына және академиялық алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері ЕАГИ мен серіктес университеттер арасындағы келісімдер негізінде қарастырылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі

 

Халықаралық (шығыс сыртқы) академиялық ұтқырлық

Сыртқы шығым академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушы Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне төмендегі құжаттарды ұсынады:

 

  1. ЕАГИ ректорына жолданған білім алушының жазбаша өтініші;
  2. жеке куәліктің көшірмесі;
  3. шетелдік паспорттың көшірмесі;
  4. GPA көрсеткіші кемінде 3.33 болатын оқу транскрипті (өтініш беру сәтіндегі соңғы аяқталған сессияның нәтижелері және шетелге шығу алдындағы қорытынды транскрипт);
  5. қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындарындағы пәндердің сәйкестендірілуі көрсетілген білім алушының жеке оқу жоспары;
  6. білімалушының өтініш нысаны (Application Form);
  7. кафедраныңұсыным хаты;
  8. оқуғаарналған келісім (Learning Agreement);
  9. білімалушы, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында жасалған үшжақты шарт;
  10. шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат:

а) ағылшын тілі бойынша — IELTS кемінде 6.0, TOEFL ITP ≥ 470, TOEFL iBT ≥ 80;

б) басқа тілдерде білім алу үшін — кемінде B2 деңгейіндегі сертификат (мысалы, француз, неміс, қытай және т.б.);

  1. өтініш беру күні жарамды №072/у нысанындағы медициналық анықтама;
  2. ата-анасының немесе қамқоршысының біреуінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
  3. көлемі 3×4 см болатын 3 фотосурет;
  4. 18 жасқа толмаған білім алушылар үшін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі, ата-анасының немесе қамқоршысының бірінің қолымен.

 

Ұлттық (ішкі шығыс) академиялық ұтқырлық

Ішкі шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушы Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне төмендегі құжаттарды ұсынады:

 

  1. ЕАГИ ректорына жолданған білім алушының жазбаша өтініші;
  2. білімалушының өтініш нысаны (Application Form);
  3. жекекуәліктің көшірмесі;
  4. GPA көрсеткішікемінде0 болатын оқу транскрипті (соңғы аяқталған сессияның нәтижелері бойынша);
  5. қабылдаушыжәне жіберуші жоғары оқу орындарындағы пәндердің сәйкестендірілуі көрсетілген білім алушының жеке оқу жоспары;
  6. білімалушы, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында жасалған үшжақты шарт;
  7. кафедраныңұсыным хаты;
  8. оқуғаарналған келісім (Learning Agreement);
  9. флюорографиянәтижесі;
  10. көлемі3×4 см болатын 3 фотосурет;

ата-анасының немесе қамқоршысының бірінің қолымен берілген жазбаша келісім.

Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша:

Email: international.eagi.edu@inbox.ru 

Телефон: +7 701 533 2076

📍 ЕАГИ ескі ғимараты, 303-кабинет.

Отзывы

Прокрутить вверх